Жаңалықтар

Атыраулық 700 бала Түркістан облысындағы лагерьде тегін тынығады

Атыраулық 700 бала Түркістан облысындағы лагерьде тегін тынығады
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 23.05.2024 15:00 675

Оның ішінде тасқыннан зардап шеккен құлсарылық отбасылардан 85 бала бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сондай ақ, су тасқыны болған Қызылқоға ауданынан 58, Махамбет ауданынан 101 оқушы демалысқа барады.

Атырау облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Света Аманшиева Түркістан облысындағы “Delve camp” балалар демалыс лагерінің өкілі Шоқан Қайырғалиұлымен кездесті.

Лагер басшылығы Атырау облысының 10-14 жас аралығындағы әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларынан шыққан, оқуда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген және мектеп өміріне белсене араласатын 700 балаға 5 кезеңмен тегін демалуына мүмкіндік жасап отыр - деп хабарлайды Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарова.

Шоқан Қайырғалиұлының айтуынша, жазғы лагерде балалардың толыққанды тынығып, ағылшын тілін меңгеруіне барлық жағдайлар жасалған. Ең бастысы қауіпсіздік шаралары қатаң бақылауға алынған.

Балалардың алғашқы легі 28 мамырда демалысқа аттанады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға