Жаңалықтар

Атырауға жұмысқа орналасуға келген БҚО тұрғынынан 1500 доза есірткі тәркіленді

Атырауға жұмысқа орналасуға келген БҚО тұрғынынан 1500 доза есірткі тәркіленді
Фото: © Polisia.kz 12.09.2023 16:38 571

Атырау облысында жұмысқа орналасуға келген БҚО тұрғынынан 1500 доза есірткі тәркіленді, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі. 

Полиция дерегінше, Атырау облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары кезінде қала аумағында синтетикалық есірткіні жасырын тығу әдісімен айналысқан деген күдікпен 29 жастағы Батыс Қазақстан облысының тұрғынын анықтап, ұстады. Күдіктіні тінту кезінде ақ түсті ұнтақ тәрізді 50 орама, сондай-ақ тұрғылықты мекенжайын тексеру кезінде ақ түсті ұнтақ тәрізді 3 зип-пакет тәркіленді.

Тексеру жұмыстары кезінде күдіктінің Атырау қаласына тамыз айында жұмысқа орналасуға келгені анықталды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттардың жалпы салмағы 447,89 болатын және 1500 дозаны құрайтын синтетикалық есірткі екені белгілі болды. Қазіргі таңда күдікті ұсталып, күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Аталған дерек бойынша ҚК-тің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға