Атырауды шаңды дауыл басты
EL.KZ Информационно-познавательный портал
Бүгін Атырауды тағы да шаңды дауыл басып тұр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атырау облысында шаңды дауыл жиі көтеріледі. Қала тұрғындары бүгін де табиғи құбылыстың куәгері болды.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, Атырау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі.
Оңтүстік-шығыстан жел соғады. Түнде облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде екпіні – 17-22 м/с. Атырау қаласында кей уақытта шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады, - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

