Жаңалықтар

Атыраудан делегацияның жұмыс бабымен Петропавлға келуі

Атыраудан делегацияның жұмыс бабымен Петропавлға келуі
19.01.2018 06:19 1567

«Қоғамдық келісім» КММ жұмысындағы бағыттардың бірі Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің қызметін ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу болып табылады. Бұдан М. Қозыбаев ат. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Қазақстан халқы ассамблеясы» кафедрасымен тығыз ынтымақтастық қатынасы байқалады. Сөйтіп, кафедрадағы ғылыми-әдістемелік бірлестіктің құрамына университет оқытушылары мен ғылыми қызметкерлерімен қоса, «Қоғамдық келісім» КММ жетекші сарапшылары, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен мүшелері де кіреді. 

Атырау облысының «Қоғамдық келісім» КММ директоры және  «Қазақстан халқы ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі қатысқан республикалық семинар аясында 18 қаңтарда М. Қозыбаев ат. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті негізінде «Таңдамалы оқу пәндерді, дәрістік және факультативтік курстарды әзірлеу және өткізу» тақырыбында ғылыми-әдістемелік бірлестіктің отырысы өтті. Іс-шараның мақсаты «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша білім мен тәжірибелік дағдының ғылыми-теориялық деңгейін арттыру, сондай-ақ Атырау облысынан келген әріптестермен тәжірибе алмасу үшін жұмысты ұйымдастыру болды.  

Отырысты университет проректоры Исаков Ербол Маратұлы ашты. Ол ҒӘБ-тың барлық мүшелерін белсенді атқарған жұмысы, ғылыми-әдістемелік қызметке қосқан елеулі үлесі үшін алғыс айтты. Сонымен қатар университет ректорының атынан Атырау облысынан келген қонақтарға сапарларының аса маңыздылығын ескере отыра, ризашылық білдірді.

Іс-шара барысында М. Қозыбаев ат. СҚМУ «ҚХА» кафедрасының меңгерушісі, университет оқытушылары, магистранттар, ғылыми-сараптамалық топтың,  этномәдени бірлестіктердің өкілдері сөз сөйледі. Мынадай мәселелер талқыланды: «Мәңгілік Ел» құндылықтары және қазақстандық патриотизм», «Этнопоэтика: мәдениеттер мен тілдер диалогы», «Оқу-тәрбие үдерісіндегі «Конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісі» және басқалары.

Отырыстан кейін қонақтар № 17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінде болды. Бұл – бірегей оқу орны, онда елімізде тұрып жатқан түрлі ұлттардың тілдері оқытылады. Мектеп директоры Ләззат Жалмұқнова қонақтарды жылы қарсы алып, оқу кабинеттерін, мұражайды, мектеп қызметкерлері өсімдіктер өсіретін қысқы бақты көрсетті. Ләззат Жұмағұлқызы қонақтарға көп ұлтты мектеп, оқыту әдістемесі жайында айтып, ұжыммен таныстырды.  

Ресми кездесуден кейін мектеп оқушылары мен оқытушыларының қатысуымен концерт өтті. Балалар ұлттық билер билеп, әндер шырқады, түрлі тілде өлеңдер оқыды. Мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен туындысы тату да ұйымшыл ұжымның жарқын үлгісі болды. Ұлттық өркендеу мектебі көп жылдан бері облыстық ассамблеямен тығыз қарым-қатынаста. Бірге іс-шаралар, көшпелі кездесулер және т.б. өткізеді. Аталған оқу орны Республикада маңыздылығы бойынша екінші болып келеді, себебі мұнда туған жерімізде тұрып жатқан халықтардың дәстүрлері мен ғұрыптары сақталады, ана тілге деген сүйіспеншілік, Отанға деген құрмет пен патриотизм сезімін тудырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға