Жаңалықтар

Атыраудағы университетте түрік тілі оқытылады

Атыраудағы университетте түрік тілі оқытылады
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі 19.09.2023 04:39 852

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті мен Түркия республикасының беделді оқу орны Ержиес университеті арасындағы екі жақты келісім аясында «Төмер: түрік тілін оқыту» орталығы ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Орталықтың ашылу салтанатында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек арнайы құттықтау сөзін сөйлеп, сәттілік тіледі.

Мұнайлы астанадағы түрік тілін оқыту орталығы атыраулық жастардың тілді жетік меңгеріп, Түркияның жетекші жоғары оқу орындарынан білім алуына қызмет етеді деген сенімдемін. Хәлел Досмұхамедовтың есімін иеленген оқу орны мен Түркияның Ержиес университеті арасындағы байланыс алдағы уақытта  қазақ-түрік қатынасын нығайтып, ортақ тарихымыз бен мәдениетімізді зерттеуде, ғылым мен білім саласын көркейтуге айырықша ықпал етеді деген үміттемін, - деп атап өтті министр С.Нұрбек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға