Жаңалықтар

Атыраудағы еркін экономикалық аймақ қаншалықты қажет? Облыс әкімі жауап берді

Атыраудағы еркін экономикалық аймақ қаншалықты қажет? Облыс әкімі жауап берді
Фото: primeminister.kz 16.06.2023 14:12 560

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингтің сұрақ-жауап бөлімінде журналист Мерей Мұратханқызы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновке «Жақында Сенат спикері еліміздегі еркін экономикалық аймақтар мәселесін көтерген еді. Мемлекет тарапынан бөлінген қаражат қомақты, бірақ салық мөлшері төмен. Мәулен Әшімбаев нақты Атырау облысын мысалға келтірген болатын. Осы сыннан қорытынды шықты ма? Қандай жұмыстар атқарылып жатыр?» деп сұрақ қойды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Әңгіме Атыраудағы ЕЭА жайлы, себебі аталған еркін экономикалық аймаққа мемлекет соңғы жылдары 162 млрд теңге құйғанымен, одан түскен салық тек 16 млрд теңгені ғана құрады. Ал Серік Жамбылұлы тілшіге берген жауабында инвестициялық жобалардың барлығы арнайы экономикалық аймақта іске асып жатқанын мәлімдеді.

Қазіргі таңда KPI зауытымыз өз жұмысын істеп жатыр. Одан өндірілетін өнімге жақын 3 жобаны жасақтау жоспарда бар. Екеуін 2023 жылы, біреуін 2024 жылы аяқтаймыз. Біз мұнымен тоқтамаймыз. Әрине, осы өнімнен шығатын басқа да өндірістерді дамытуға кірісеміз, - деді ол.

Сонымен қатар ол айтылған сынның орынды екенін айтты.

Арнайы экономикалық аймақтың қажеттілігінде сөз жоқ. Бірақ сол аймақты іске асыру барысында кеткен кемшіліктер бар. Сол кемшіліктерді жоя отырып, болашақта бірнеше компания жұмысын атқарғаннан соң өзінің тиісті дәрежедегі тиімділігін көрсетеді деген сенімдемін, - деді әкім.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға