31 Шілде 2025, 16:25

Атыраудағы ең әдемі аула

Атыраудағы ең әдемі аула Авангард-3 ықшам ауданында орналасқан. Мұнда тұрғындар өз күшімен айналаны жасыл желекпен көмкеріп, жайқалтып қойған

Бәрін өздері күтіп-баптайды: арамшөп жұлады, орындықтарды бояйды, қоқыс шығарады. Жалпы айтқанда, тазалықты ту етеді. Мұндағы әдемі гүлзарлар мен түрлі безендірілген мүсіндер көздің жауын алады.

Бұл игі істің басында – ауызбіршілігі жарасқан тату тұрғындар тұр. Осы жұмыстардың бәрі – бірлік пен еңбектің арқасы. Бұл өзгерістер қаланың тазалығы мен экологиялық жағдайына ғана емес, бүкіл қоғамдық мәдениетімізге әсер етеді дейді олар

Қазір бүкіл ел бойынша жүріп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына бір реттік шара емес, өмірлік ұстаным еткен тату көршіле𤤠ай сайын сенбілік ұйымдастырып, барша көпқабатты тұрғын үй жұртын тазалыққа үгіттеп жүр.  

Қаладағы тазалық ұйымдарының өкілдері барша ел тұрғыны – осы ауланың адамдарынан үлгі алса дейді. Ешкімнен көмекті де, қаражатты да күтпей, қолда барымен өзі тұратын аумақты таза ұстап, көгалдандырып отыр. Қазір аулада өрік, павловния секілді ағаш түрлері жайқалып өсіп тұр.

Осылайша, ықшам аудан тұрғындары барша халықты тазалыққа ден қоюға шақырады. Өзгелер де қатарға қосылып, бұл ісіміз – экологиялық челленджге айналса дейді. Шынымен де, татулық пен бірліктің, тазалықтың үлгісін көрсеткен атыраулықтардың бұл бастамасы – «Таза Қазақстан» тек науқандық акция емес, күнделікті өмір салты болуы керек екенін дәлелдейді.