Жаңалықтар

Атыраудағы балабақшада 4 жасар бүлдіршін септикке түсіп көз жұмды

Атыраудағы балабақшада 4 жасар бүлдіршін септикке түсіп көз жұмды
Фото: pixabay.com 10.07.2024 17:48 753

Атырауда балабақшалардың бірінде бүлдіршін кәріз құдығына түсіп, ажал құшты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға  бүгін, 10 шілдеде, сағат 11 -де болған. Қаланың жеке балабақшаларының бірінде серуендеу кезінде бала кәріз шұңқырына құлап, суға батып кетті. Оқиғаны қалалық білім бөлімі растады.

Қаладағы жеке меншік балабақшалардың бірінде төрт жастағы сәбидің кәріз құдығына түсіп қайтыс болуына қатысты қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі таңда кешенді тергеу амалдары басталып, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды, - делінген Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға