Жаңалықтар

Атыраудағы ауаның ластануы 46 % артқан

Атыраудағы ауаның ластануы 46 % артқан
Фото: egemen.kz 07.12.2022 16:04 3310

Атыраудағы ауаның ластануына бірден бір әсер ететін «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нан шығатын зиынды түтін. Зауыттан шығатын түтін қаладағы ауа атмосферасының 46 % -ын ластаған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында ҚР ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі. 

«Кәсіпорыннан шығатын ластаушы заттар 23 мың тоннаны құрап отыр. «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасына сәйкес 2025 жылға дейін бұл көрсеткішті 25 %-ға дейін қысқартып, 15 мың тоннаға дейін азайту көзделіп отыр»,  – деді Зұлфұхар Жолдасов.  

Атырау облысы бойынша департамен соңғы 3 жылда компанияға қатысты 11  тексеру жүргізген. Оның төртеуі биыл өткізілді. Тексеріс барысында зауытта ауаны шамадан тыс ластайтын факторлар анықталған.

«Алаудағы газды жағу нәтижесінде қоршаған ортаға шамадан тыс зиянды қалдықтар тарады. Биыл кәсіпорынға 40 млн көлеміндегі айыппұл салынды. Сондай-ақ, жоспардан тыс кәсіпорында тексеріс жүргізіп, 4 қондырғыдан жүйелі түрде шығатын түтінің деңгейі 3 есе артқан», – деді Зұлфұхар Жолдасов.  

Нәтижесінде кәсіпорынға әкімшілік материал толтырылып, сотқа жолданды. Соттың күшімен 4 қондырғының жұмысы тоқтатылып 5,6 млн теңге көлеміндегі айыппұл салынды. Бұл жағдай қазір апелляцияға жіберіліп, қайта қаралып жатқанын атап өтті.    

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға