Атыраудағы Ақжар ауылында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды
13.05.2024 02:19
Фото:
Видеодан кадр
Атырау қаласы маңындағы Ақжар ауылында жергілікті тұрғындар мен еріктілер тәулік бойы Жайық өзенінің су деңгейін бақылап, су басудың алдын алу шараларын қолдануда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық жедел штабтың мәліметінше, Ақжар ауылында кезекшілік екі ауысымда жүргізіледі. Қазіргі уақытта су қорғаныс бөгеттері мен бекіністеріне әлі жеткен жоқ. Сол жерде орта мектеп мұғалімдері ауысыммен кезекшілік етуде.
Айта кетейік, өңірде төтенше жайдар жарияланғалы бері жағалауды нығайту жұмыстарына С.Датов атындағы мектеп қызметкерлері ерікті түрде қатысуда.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

