Жаңалықтар

Атыраудағы адам өлімімен аяқталған төбелеске қатысты тың дерек айтылды

Атыраудағы адам өлімімен аяқталған төбелеске қатысты тың дерек айтылды
Фото: ©️ instagram/atyrauoil.official 13.06.2024 10:35 13746

Атыраудағы базарлардың бірінде адам өлімімен аяқталған төбелеске қатысты жаңа деректер пайда болды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.

Бейнебақылау камерасына түсіп қалған жанжалда ашулы азамат екінші ер адамды тоғыз рет ұрған. 56 жастағы Амандық Сағынғалиев ауруханаға жеткізілгенімен, алған соққының әсерінен қайтыс болды. Ал күдікті оқиға орнынан дереу із суытқан.

Алғашқылардың бірі болып оқиға орнына марқұмның қызы жеткен. Ол «әкемді жедел жәрдем көлігіне отырғызып жатқанда да, жұдырығы жуан азамат балағат сөз айтуын тоқтатқан жоқ» дейді. Ал кейін келген туыстарына күдікті төбелестің мүлдем басқаша өрбігенін айтыпты. «Сөзге келіп қалып, бір-ақ рет ұрдым. Марқұм өзі құлап, басын соғып алды» деген нұсқаға қайтыс болған азаматтың туыстары сеніп қалған.

Қазір аталған іске қатысты тергеу басталды. Атырау облыстық Полиция департаментінің бастығы істі тікелей жеке бақылауға алғанын хабарлады.

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіріп, адам өліміне алып келу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті дереу ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды,  – деді Атырау облыстық Полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаев.

Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға