Жаңалықтар

Атырауда жасөспірімді тепловоз қағып кетті

Машинистің айтуынша, теміржол бойында келе жатқан адамды байқаған. Алайда, тежегішті басқанымен, тепловозды тоқтатуға үлгермеген.
Атырауда жасөспірімді тепловоз қағып кетті
07.07.2022 22:34 1746

Атырауда те половоз қағып кеткен 17 жастағы жасөспірім жедел жәрдем көлігінде көз жұмды, деп хабарлайды El.kz.

Атырау темір жол станциясындағы желілік полиция бөлімінің хабарлауынша, қайғылы оқиға кеше, 6 шілдеде сағат 17:00 шамасында болған. Жергілікті колледждің студенті жолды қысқарту үшін «Қара депо» шағын ауданындағы теміржолды кесіп өтпек болған. Жасөспірімді «Ақжайық-Теңдік» теміржол өткелінде тепловоз қағып кетті.

Машинистің айтуынша, теміржол бойында келе жатқан адамды байқаған. Алайда, тежегішті басқанымен, тепловозды тоқтатуға үлгермеген.

– Қазір аталған дерекке байланысты ҚР Қылмыстық кодексі 344-бабының 2-бөлігімен (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан темір жол көлігі қозғалысы немесе оны пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайды, – деп хабарлады көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«Қара депо» – Атырау қаласындағы шағын аудандардың бірі. Тұрғындар бірнеше жылдан бері теміржол үстінен өткел салу мәселесін қозғап келеді. Жергілікті әкімдік 3 жыл бұрын «Қара депо» мен «Химиктер» кенті аралығында жаяу жүргіншілер көпірін салу жобасы қолға алынатынын хабарлаған еді. Алайда, жоба іске асырылған жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға