Жаңалықтар

Атырауда жұмысшы жастардың басқосуы өтті

Атырауда  жұмысшы жастардың басқосуы өтті
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі 21.11.2024 22:19 448

Атырау облысында жұмысшы жастар слеті өтті. Жиынға өңірдегі өндірістік, көлік-логистикалық, мұнай-газ компанияларының 100 қызметкері, бизнесмендер, ұлттық компаниялар мен кәсіподақтар өкілдері қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу жастарды қолдауға және олардың кәсіби дамуына қолдау көрсетуге, сондай-ақ жұмысшы мамандықтардың беделін арттыруға және елдің экономикалық тұрақтылығын нығайтуға бағытталған. Айта кетейік, Мемлекет басшысы бұл міндеттерді өз Жолдауында сөз етіп, алдағы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады.

Слет аясында өндіріс саласында табысқа жеткен жандармен және компания басшыларымен мотивациялық кездесу өтті. Сонымен коучпен қатар қатысушыларға арналған  стратегиялық сессия ұйымдастырылды.

Жастар өз ісінің мамандарымен байланыс орнатуға, өзекті тақырыптарды талқылауға және бастамаларын іске асыру үшін қажетті ақпарат алуға мүмкіндік алды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға