Атырау облыстық ПД

Атырауда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

01.12.2022 03:16

30 қарашада Атырау қаласындағы Владимирский көшесі бойында орын алды, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

Екінші дәрежелі жолдан шыққан Daewoo Nexia маркалы көлігі басты жолмен келе жатқан жедел жәрдем көлігіне жол бермей, соқтығысқан. Салдарынан жедел жәрдем көлігінің жолаушысы дене жарақатын алып, облыстық ауруханаға жеткізілді.

"Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталуда" делінген Атырау облысы полиция департаменті таратқан мәліметте.