© El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Атырауда жедел жәрдем фельдшерін атып кетті

Атырауда жедел жәрдем қызметінің фельдшерін атып кетті. Медицина маманы оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Оқиға 17 тамызға қараған түні болған. Дереккөздердің мәліметінше, алдымен жаппай төбелес болған. 23 жастағы фельдшердің достары оны көмекке шақырған. Алайда төбелес соңы оқ атуға ұласқан. 

Оқиға болған күні медицина қызметкері кезекшіліктен дейін демалып жүрген. Оның артында жүкті әйелі қалды.

Белгілі болғандай, күдіктілер ұсталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу жүріп жатыр.