Атырауда жастардың үздік стартап-жобасы байқауының жеңімпаздары анықталды
20.05.2019 10:38
5874
Атырауда Жастар жылына орай игілікті шара бастау алып, еліміздің кемел келешегінің тұтқасы болған жастардың тың бастамалары мен жобаларына қолдау көрсетуге бағытталған «Жарқын жастар» үздік жобалар байқауы өтті.
Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, байқауды ұйымдастырудағы мақсат – 17-25 жас аралығындағы жастардың кәсіп ашамын деген құлшыныстарын ынталандыру. Кәсіп бастауға кеңестер жинап, тәжірибе алмасуына ықпал ету.Өз кезегінде сөз алған Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Жаннат Досқалиева 25 сәуір мен 10 мамыр аралығында «Жарқын жастар» үздік жобалар конкурсы әлеуметтік желілерге жарияланып, 40-қа жуық үміткерден жобалар ұсынылып, соның ішінен ең үздік 9 жоба іріктелгеніп алынғанын атап өтті.
Байқаудың нәтижесінде Елеубай Бекежановтың «Жайық» - оңалту сауықтыру орталығы (мүмкіндігі шектеулі жандарға, мүгедек балаларға, инсульттан кейінгі адамдарға көмек көрсету) жобасы үздік деп танылып, жүлделі І орынды иеленді.
Айгерім Сауленнің «АлифБи» онлайн-кітап дүкені (жастарға кітап оқуды дәріптеу, ойлау қабілеті мен сана сезімін көтеру, кітап оқу тенденциясын насихаттау) жобасы жүлделі екінші орынды місе тұтты.
Динара Мұратованың «IZdigi» сән үйінің жұмысын ұйымдастыру (Сән әлеміне жаңа серпін әкеліп, жастардың киіну мәдениетіне үлес қосу. Креативті жастардың идеяларын жүзеге асыру) жобасы үшінші орынды жеңіп алды.
Әлеуметтік кәсіпкер, тренер Олжас Сүлейменов «IZdigi» сән үйінің жұмысын ұйымдастыру жобасының авторына кәсібін дамытуда қолдау білдіруге дайын екендігін айта келіп, басқа да жоба қатысушыларына бинес-жоспарды алдын ала дұрыс дайындап, жасақтау керектігі жөнінде өз тәжірибесімен бөлісіп, шара соңында бизнес тренинг өткізді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бэкпак туристер: олар кімдер?