Жаңалықтар

Атырауда Жастар саясаты жөніндегі кеңестің отырысы өтті

Бұл туралы Ақорда мәлім етті
Атырауда Жастар саясаты жөніндегі кеңестің отырысы өтті
Фото: Ақорда 10.02.2023 17:23 1265

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің Атырау қаласында көшпелі отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жиында Мемлекет басшысының тапсырмасымен дайындалған Жастар саясаты жөніндегі тұжырымдаманың жобасы таныстырылды. Оны әзірлеуге Кеңес мүшелері белсенді қатысты. Тұжырымдама жастар саясаты бағытындағы жұмысқа тың серпін береді.

Кеңес отырысында «Қазақстан жастары» ұлттық баяндамасында айтылған негізгі мәселелер қарастырылды. Атап айтқанда, жас қазақстандықтардың көзқарасы, сұранысы және құндылықтары жайында ақпарат берілді.

Мемлекеттік кеңесші маңызы бар шешімдерді қабылдау ісіне жастарды тартудың өз нәтижесін бергенін жеткізді. Қазірдің өзінде Кеңестің бірқатар мүшесі бірнеше саяси ұйымның партиялық тізіміне енгенін және кейбірі Парламент Мәжілісіне бір мандатты округтер арқылы сайлауға түсіп жатқанын айтты.

Отырыс соңында Ерлан Қарин Кеңес мүшелерін жастар саясаты жөніндегі күн тәртібін қалыптастыруға және ілгерілетуге белсенді қатысуға, қазақстандық жастардың әлеуетін қолдап, іске асыруға шақырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға