Жаңалықтар

Атырауда жалған жарнама жасап, тұрғындарды алдаған топ құрықталды

Атырауда жалған жарнама жасап, тұрғындарды алдаған топ құрықталды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 24.08.2023 16:21 939

Атырау облысында жалған жарнама жасап, тұрғындарды алдаған топ ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Маусым айында Атырау облысы ПД криминалдық полиция ​ басқармасының киберқылмысқа қарсы күрес қызметкерлері БҚО Орал қаласында қылмыстық топты ұстады.

Аталған топ OLX, Krisha.kz. парақшаларында заманауи үлгідегі үйлерді және киіз үйлерді жалға беретіндігі жайында жалған жарнама жасаған. Бұл жарнамаға қызығушылық танытқан Атырау қаласының тұрғындарынан алдын ала төлем ретінде әртүрлі көлемдегі қаражаттарын есеп шоттарына аудартып алған. Алаяқтық жасаған 27, 33, 28 жастағы Орал қаласының азаматтары.

Қазіргі таңда азаматтардың 12 эпизодқа қатысы бар екені анықталды. ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен (Алаяқтық) бойынша қылмыстык іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға