Жаңалықтар

Атырауда үш жасар егіздерді өз әкесі зорлаған деген күдікке ілінді

Атырауда үш жасар егіздерді өз әкесі зорлаған деген күдікке ілінді
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 25.04.2024 13:37 3434

Атырау облысының Полиция департаменті «үш жасар егізді өз әкесі зорлады» деген айып бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атырау облысы полицияның баспасөз қызметі қосымша сараптама тағайындалғаны туралы жария етті. Мәліметке сүйенсек, күдікті - балалардың туған әкесі. Зорлықтың алғашқы белгілер балабақшада байқалыпты: балалар бір-бірінен ажырағысы келмеген, одан кейін жыныс мүшелерінен қан көрінген. 

Ал Атырау облысының Полиция департаменті бұл дерекке қатысты былтыр қарашадан бастап қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Қазір қосымша кешенді сот-медициналық сараптама тағайындалған. Нәтижеге сәйкес құқықтық шешім қабылданатыны айтылды,- делінген полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға