Жаңалықтар

Атырауда украин ұлттық фестивалі өтті

Атырауда украин ұлттық фестивалі өтті
08.11.2018 11:59 2513

Атырауда Н. Жантөрин атындағы филармонияда «Довира» украин этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Червона Калина» украин ұлттық фестивалі өтті.

Шараны  жүргізуші алғашқы сөзді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Қазақстан украиндары радасы» ЗТБ төрағасы Юрий Тимошенконың құттықтау хатымен ашты.

«Довира» украин этномәдени бірлестігінің мүшелері – «Хуторянка» ансамблі, «Тропикана» балалар би ансамблі, «Фламинго» би тобы қазақ және украин билерін билеп, өз өнерлерін ортаға салды.

Сондай-ақ, «Хуторянка» ансамблінің әншілері Павел мен Лаура Салыниндердің орындауында  «Еділ  мен Жайық», «Астапурай-япурай» әндері,  «Мрия» тобының әншілері Шевченко Богдан мен Исмагулова Елизаветаның орындауында ұлы Абайдың «Көзімнің қарасы» және украин тілдерінде әндер шырқалды.

Украин халқының ұлы ақыны Тарас Шевченконың өлеңдері оқылды.   

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға