Атырауда тұрғын үйде газ дүмпуі болып, екі адам өртеніп кетті
Мөлдір Қайнар тілші
Атырауда жеке үйлердің біріндегі газ дүмпуі болып, өрт шықты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Апаттан зардап шеккен екі адамның денесінің 95%-ын күйік шалған, олар ауруханада көз жұмды. Тағы бір ересек пен екі бала жансақтау бөлімінде жатыр. Балалардағы күйіктің мөлшері — 80 пайыз шамасында. Баланың бірі — төрт айлық. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қалған зардап шеккендердің де жағдайы әлі ауыр. Оларға қажетті барлық ем-дом көрсетілуде.
Айта кетейік, Атыраудағы Көкарна ауылындағы тұрғын үйлердің бірінде газ-ауа қоспасының дүмпуі болып, салдарынан үйдің қабырғасы жартылай қирап, өрт шыққан еді. Куәгерлердің айтуынша, оқиғаға отшашу себеп болған.

