Жаңалықтар

Атырауда тендер ұтып алған кәсіпкерден 7 млн теңге бопсалағандар ұсталды

Атырауда тендер ұтып алған кәсіпкерден 7 млн теңге бопсалағандар ұсталды
Фото: ІІМ-нің баспасөз қызметі 09.01.2024 23:41 707

Атырауда тендер ұтып алған кәсіпкерден 7 млн теңге бопсалаған күдіктілер қолға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Атырау облысы полиция департменті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаметімен бірлесе отырып, облыс прокуратурасының үйлестіруімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Мақат ауданында кәсіпкерден 2,5 млн. теңге қаражатты қорқытып алу дерегі анықталған.

35 және 34 жастағы екі күдікті жәбірленушіден 1 млн. теңге алу барысында ұсталып, қамауға алынды. Іс-құжаттарына сәйкес аталған күдіктілерге осы кәсіпкерден 2023 жылғы қазан айынан бері бопсалау арқылы жалпы сомасы 4,5 млн. теңгені заңсыз иемдегені үшін де күдік келтірілуде, - деп жазылған министрліктің хабарламасында.

Бұдан өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға