Атырауда анасы балабақша тәрбиешісі баласын ұрғанын айтып шағымданған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қыз баланы балабақшаға үш күн бұрын берген. Үшінші күні анасы қызының аузы ісіп, беті көгергенін байқаған.
Келесі күні камерадан тәрбиешінің менің баламды ұрғанын көрдім, дегенмен басшылық мұны мойындамай, қызметкердің байланыс нөмірін беруден бас тартты. Ол WhatsApp-ты оқыды, бірақ жауап берген жоқ, — деді жапа шеккен баланың анасы.
Оның сөзінше, енді қызы күндіз-түні жылап, құсып жатқан көрінеді.
Полиция сотқа дейінгі тергеу басталғанын алға тартты.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

