Өңірлік коммуникациялар қызметі

Атырауда “Talaptan” жобасы аясында 4 мыңнан астам жас қамтылды

Атырау облысында «Talaptan» жобасы жүзеге асырылуда. Бағдарламаның мақсаты – ауыл жастарының бос уақытын тиімді өткізуге жағдай жасау және әлеуметтік белсенділігін арттыру,- деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Жыл басынан бері 7 ауданда 40-қа жуық іс-шара ұйымдастырылып,оған 4000-нан астам жас қамтылды.
Әр ауданда түрлі форматтағы кездесулер, спорттық турнирлер мен мәдени іс-шаралар өтті. Мәселен Құрманғазы ауданында «Talaptan Kurmangazy» дөңгелек үстелі, «We Talk» консультациялық алаңы және футбол турнирі өткізілсе, Махамбет ауданында «Talqyla» диалогтік кездесуі, зияткерлік сайыс пен спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Индер, Мақат, Қызылқоға, Исатай және Жылыой аудандарында да жастардың белсенділігін арттыруға бағытталған бірқатар шара жүзеге асырылды.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпаратына сүйенсек, жоба аясында алғаш рет «Talaptan Grants» гранттық бағдарламасы іске қосылды. Әр ауданға жалпы сомасы 3 млн теңге бөлініп, үш жоба иегеріне 1 млн теңгеден шағын грант табысталатын болады.