t.me/oper_shtab_atyrau

Атырауда су тасқынының салдарын жою туралы қоғамдық штаб отырысы өтті

01.05.2024 05:35

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің төрағалығымен Жылыой ауданындағы су тасқынының салдарын жою туралы қоғамдық штаб отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жиында Серік Шәпкенов Құлсары қаласының күрделі мәселесінде бас қосып, күрмеуі қиын сұрақтарды шешуде бірлесе жұмыс істеген қоғамдық штаб мүшелеріне алғыс білдірді.

Жиында аймақ басшысы Құлсары қаласын нөпір судан тазарту жұмыстарын осы аптаның соңына дейін аяқтауды тапсырды.