Атырауда су басқан аумақтарды дезинфекциялау жұмыстары жалғасуда
21.04.2024 11:53
Фото:
ОКҚ
Жылыой ауданының Құлсары қаласында қалпына келтіру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында өңір әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ең алдымен, қалада су сору жұмыстары қолға алынды. Бұрылған судың жалпы көлемі 770 мың текше метрді құрайды.
Су кеткен аумақтарды дезинфекциялау жұмыстары жалғасуда. 20 сәуірдегі жағдай бойынша 21 нысан дезинфекцияланды. И. Сариев көшесіндегі 60 үй, №18 орта мектеп, екі кәсіпкерлік нысаны электр қуатына қосылды. Қазіргі уақытта 3 бригада және 5 бірлік техника жұмыс істеп жатыр. Атырау шағын ауданындағы 10 көпқабатты үй, Автожолшылар шағын ауданындағы 150 үй, Д.Әжіғалиев көшесіндегі 11 үй газға қосылды. Біржолғы материалдық көмек төлеуге 3398 өтініш қабылданды. Төлемдерді 2796 отбасы алды. Залалды бағалау және төлеу жөніндегі комиссия жұмысын жалғастыруда, - деді спикер.
Атырау қаласында, Индер және Махамбет аудандарында бөгеттер салу және нығайту жұмыстары жалғасуда.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

