Жаңалықтар

Атырауда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына монумент орнату ұсынылды

Атырауда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына монумент орнату ұсынылды
31.05.2019 14:58 2169

Атырау облысының Қазақстан халқы ассамблеясы мен «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Тарихтан тағылым - өткенге тағзым» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.


Шара барысында Қазақстандағы кеңес кезіндегі жаппай саяси қуғын-сүргін туралы тарихи зерттеулердің жаңа бағыттары, аймақтық мемлекеттік мұрағатының саяси қуғын-сүргін тарихы бойынша деректерді жариялау жұмысы талқыланды.

Сонымен қатар дөңгелек үстелге қатысушылар баяндамаларды талқылау кезінде Атырау облысында саяси-қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарына арнап монумент орнату, жоба жұмыстарын ұйымдастыру туралы ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға