Жаңалықтар

Атырауда сал ауруына шалдыққан қызды зорламақ болған ер адам сотталды

Атырауда сал ауруына шалдыққан қызды зорламақ болған ер адам сотталды
Фото: © Polisia.kz 12.01.2024 11:47 1812

Атырау қаласының Авангард шағынауданында 2022 жылы 6 желтоқсанда 13 жасар қызды зорламақ болған ер адам ұсталған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аанасы церебральды сал ауруы бар қызын сабаққа апарып, көліктен бірнеше минутқа шығып кеткен. Анасының жоқтығын пайдаланған ер адам көлікті айдап, қызды бірге алып кетті. 2023 жылдың маусым айында Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ер адамға үкім кесті. Ер адам қылмыстық кодекстің екі бабына сәйкес, яғни зорлау әрекеті және автокөлікті айдап әкету бойынша бірден кінәлі деп танылды.

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, іс жабық сот отырысында қаралды. Сондықтан істің мән-жайлары сот күшімен жарияланбады.

Сотталушының кінәсі кәмелетке толмаған жәбірленушінің және оның заңды өкілінің, куәгерлердің айғақтарымен, оқиға болған жерді тексеру хаттамасымен, сараптама қорытындыларымен толық дәлелденді, – деп хабарланған Атырау облысының сотында.

Айыпталушы өзі кінәсін мойындады. Сот үкімімен ер адам 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға