Жаңалықтар

Атырауда қарт ана 1996 жылы әскерге кетіп, жоғалған ұлымен қауышты

Атырауда қарт ана 1996 жылы әскерге кетіп, жоғалған ұлымен қауышты
Фото: atpress.kz 22.04.2024 17:36 1921

Маржан Қозыбаева ұлының тірі екенінен қаншама жылдар бойы үміт үзбеген, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі atpress.kz парақшасына сілтеме жасап.

1996 жылы күзде әскерге кетіп, оралмаған Атырау облысының Қызылқоға ауданына қарасты Жасқайрат ауылының 1977 жылы туған тұрғыны Бейбіт Қозыбаев 28 жылдан кейін аман-есен табылған.

Мәліметке сүйенсек, қарт ана Маржан Қозыбаева ұлының тірі екенінен еш үмітін үзбей, жылдар бойы тоздырмаған табалдырығы, қақпаған есігі қалмапты.

Маржан апайдың бұл күнге де жетіп, туған ұлын құшақтап, сағынышын басқанын көзіміз көрді. Аудандық әскери комиссариатына келіп, баласын сұрап егілген ананың талай қиналғаннан есінен танып қалғанын да көргенбіз. Сол кездері оны не деп жұбатарымызды білмей, біз де қиналып қалушы едік. Бүгін, міне, 28 жылдан кейін бауыр еті – баласымен қауышқан ана үшін біздің де көңіліміз жай тапқандай болды, - дейді Қызылқоға аудандық мәслихатының депутаты, қорғаныс саласының ардагері Есенбай Нұров.

Бейбіт Қозыбаевтың қалайша жоғалғаны, не үшін осы уақытқа дейін оралмағаны жазылмаған. Алайда 2013 жылы Lada.kz ол туралы шағын жаңалық жариялаған.

16 жыл бұрын Ақтау бөлімінен қашып кеткен сарбазды әскери полиция әлі де іздеп жатыр. ҰҚК Ақтау гарнизоны бойынша әскери полиция басқармасында хабарлағандай, ведомство ҚР ҚК-нің 372-бабы бойынша қылмыс жасағаны үшін ("Бөлімді өз еркімен тастап кету") 10070 әскери бөлімі мерзімді қызметінің әскери қызметшісі, 1977 жылы туған матрос Қозыбаев Бейбіт Алтайұлын іздеуде. Сарбаз – Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жасқайрат ауылының тумасы. Ол 1997 жылдың 9 қыркүйегінде жоғалған. Осы уақытқа дейін орналасқан жерін анықтау мүмкін болмады. Қазір Қозыбаев мемлекетаралық іздеуде, оған қатысты "қамауға алу" бұлтартпау шарасы көзделген, - делінген материалда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға