Атырауда өз үйінде қатыгездікпен өлтірілген әйел туралы тың дерек шықты
Мөлдір Қайнар тілші
Атырауда NCOC компаниясының білікті менеджері Бибігүл Шпанованың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қатігездікпен жасалған бұл қылмыс қоғамда үлкен резонанс тудырды. Бибігүл Шпанованы өз үйінде өлтірді деген күдікпен 37 жастағы сантехник қамауға алынып, тергеу изоляторына қамалды. Ол марқұмның үйіне техникалық қызмет көрсету мақсатында кіргені анықталды. Қайғылы жағдайдан кейін марқұмның жақындары оны жер қойнына тапсырып, ас берді.
NCOC компаниясы ұзақ жылдар бойы ұйымға адал қызмет еткен әріптесінің қазасына байланысты марқұмның отбасына көңіл айтты. Компания өкілдері Бибігүлдің кәсіби біліктілігін, адамгершілік қасиеттерін ерекше атап өтті. Оның білімділігі мен тәжірибесі әріптестерінің есінде мәңгі сақталмақ. NCOC бұл оқиға бойынша мемлекеттік органдарға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін мәлімдеді және кінәлілердің заң алдында жауап беретініне сенім білдірді.
Бибігүл Шпанова – компанияның менеджері ретінде 2002 жылдан бері еңбек етіп, кәсіби мансабында жоғары жетістіктерге жеткен тұлға болатын.

