Атырауда өртте күйіп қалған сәби көз жұмды
06.01.2024 13:50
Фото:
El.kz/Арман МҰХАТОВ
Атырауда тұрғын үйдегі газ-ауа қоспасының жарылысынан бір отбасының 5 адамы ауруханаға түскен еді. Кеше облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатқан үш айлық балақай қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін бұл деректі облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады.
Кеше, 5 қаңтарда кешкі мезгілде облыстық балалар ауруханасында 2023 жылғы сәби көз жұмды. Қазір аурухананың жансақтау бөлімінде күйік шалған тағы бала жатыр, - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 2 қаңтарда Атырау қаласындағы Көкарна ауылындағы тұрғын үйде газ-ауа қоспасы жарылып, соңы өртке ұласқан еді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

