Атырауда мәйітхана қызметкері марқұмдардың туысынан ақша алып келген

08.05.2023 18:51

Атырауда мәйітхана қызметкерлері қайтыс болған адамды формалинмен өңдеу қызметі үшін 13 мың теңге орнына заңсыз 100 мың теңге алып келген, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Аtyraupress-тің жазуынша, қазір аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Атырау облыстық патологиялық-анатомиялық бюросының қызметкерлері күдікке ілінген.

Жақындары қайтыс болған адамдар «Атырау Облыстық патологиялық-анатомиялық бюросы» КМҚК-ның есеп айырысу шотына емес,

мәйітхана қоймашысының қызына тиесілі жеке шотына ақша аударуға мәжбүрленген. 

Заң бұзушылықтар туралы анонимді хабарламалар құқық қорғаушыларға берілді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан тексерілгені айтылды.