Атырауда малшы ауыл маңынан зымыран снарядын тауып алған
26.09.2023 12:01
Фото:
atpress.kz
Атырау облысы Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылынан үш шақырым жерде қой бағып жүрген малшы зымыран снарядының корпусын тауып алған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі AtyrauPress сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 24 қыркүйекте сағат 14:35 шамасында Сүйіндік ауылынан 3 шақырым жерде болған.
Құзырлы орган өкілдері аумақты қоршауға алған. Қазіргі кезде зымыранның атауы мен техникалық сипаттамалары әлі анықталып тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Оқиға орнына Атыраудан облыстық полиция департаментіне қарасты "Арлан" арнайы жасағының саперлері барған.
Сүйіндік ауылдық округінің әкімі Данияр Сабировтың айтуынша, оқиға туралы барлық құзырлы органға хабарланған.
Зардап шеккендер жоқ.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

