Жаңалықтар

Атырауда күкіртті сутегінің шамадан тыс асу дерегі тіркелді

Атырауда күкіртті сутегінің шамадан тыс асу дерегі тіркелді
Фото: © El.kz 25.03.2024 17:44 661

Атырауда ауадағы күкіртті сутегінің шамадан тыс асу дерегі тіркеліп отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі өңірдің экология департаментіне сілтеме жасап. 

Қалада оның мөлшері рұқсат етілген шекті шоғарланудан 16 есеге дейін артып кеткен. Бұл ретте қаланың тұрғындары соңғы екі-үш күннен бері әлуеметтік желіде ауада жағымсыз иіс шыққанына шағым айтуда. 

25 наурызда Атырау облысы бойынша экология департаменті ауа сапасына жүргізілген мониторингтің мәліметін жариялады.

Департаменттің зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің мамандары Атырау қаласында атмосфералық ауадағы жағымсыз иіске байланысты шаһар аумағында орналасқан ауа сапасын бақылау стансаларында мониторинг жұмысын жүргізді. «Air kz» желісі мәліметіне сәйкес, 25 наурыз күні күкіртті сутегі №112 «Акимат», №113 «Авангард», №109 «Восток» автоматтандырылған ауа сапасын бақылау стансаларында рұқсат етілген шекті шоғырланудан 16 есеге дейін асу фактісі тіркелді, - деді департаменттің баспасөз қызметі.

Бүгін таңертеңгі сағат 07:00-де №112 «Акимат» стансасында күкіртті сутегінің мөлшері 125 мкг/текше метрді көрсеткен. Дәл осы уақытта «Авангард» шағын ауданында бұл көрсеткіш 49,3 мкг/текше метр болған. Ал, Ал, сағат 06:00-де «Тұрғын үй қалашығы» шағын ауданындағы ауа сапасын бақылау стансасында күкіртті сутегінің мөлшері бұл көрсеткіш 51,2 мкг/ текше метр болып тіркелген.

Атырау қаласының оң жақ бөлігінде «Квадрат» су булану алаңы бар. «Тазалық» бағдарламасымен су булану алаңын қалпына келтіру жұмыстары (рекультивация) жүргізіліп жатыр. «Қазгидромет» РМК Атырау филиалы сынақ зертханасының мамандарымен бірге Атырау қаласының ауа сапасына мониторинг жұмыстарын жүргізу жалғасады, - деді департаменттің баспасөз қызметіндегілер. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға