Жаңалықтар

Атырауда «Күрд мәдени күні» өтті

Атырауда «Барбанг» Қазақстан күрдтерінің қауымдастығы ҚҚ облыстық филиалының ұйымдастыруымен алғаш рет «Күрд мәдени күні» аясында «Отан әр жүректе» іс-шарасы өтті.
Атырауда «Күрд мәдени күні» өтті
26.12.2018 10:31 1871

Атырауда «Барбанг» Қазақстан күрдтерінің қауымдастығы ҚҚ облыстық филиалының ұйымдастыруымен алғаш рет «Күрд мәдени күні» аясында «Отан әр жүректе» іс-шарасы өтті.

Күрд халқының мәдениетімен, тарихымен, салт-дәстүрімен танысқан қонақтар ұлттық тағамдарынан дәм татып, күрд аспабында ойналған әуенді тыңдады.              

Сондай-ақ «Барбанг» Қазақстан күрдтерінің қауымдастығы ҚҚ Атырау облысы филиалының төрағасы Али Сейдов іс-шараға қатысушыларды мерекемен құттықтап, күрд халқының газет-журналдарымен, оқулықтарымен таныстырып өтті.

Өз алдына тәуелсіз мемлекет құрмаса да, күрдтер халықтың этникалық топтарының бірін құрайды. Олардың саны соңғы он жылда көші-қон есебінен ғана емес, тұрақты табиғи өсім салдарынан да айтарлықтай өскен. Қазақстанда оларға ұлтаралық келісім, қолайлы әлеуметтік орта қамтамасыз етіліп, экономикалық жағдайын, ана тілі мен мәдениетін еркін дамыту үшін барлық жағдайлар жасалған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға