Жаңалықтар

Атырауда із-түзсіз жоғалған 16 жастағы қыздың денесі табылды

Атырауда із-түзсіз жоғалған 16 жастағы қыздың денесі табылды
Фото: ©TT/Claudio BRESCIANI 11.04.2023 18:05 945

Атырауда бес күн бұрын үйінен шығып, белгісіз бағытта кеткен 16 жастағы жергілікті тұрғын Әсемай Қазбекова өлі табылды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

2007 жылы туған қыздың жоғалып кеткені туралы 6 сәуірде белгілі болған еді.

10 сәуірде кешке Әсемай көпірден секіріп, суицид жасағаны анықталды. Бұл туралы іздеу жұмыстарына қатысқан ерікті Сандуғаш Кукенова Facebook-парақшасында хабарлады.

"Бейнебақылау камерасына Әсемайдың көпірге шығып бара жатқан сәті түсіп қалған. Ары қарай не болғанын біле алмадық. Жеке тұрғын үйде тұрған камерадан көреміз бе деп ойладық, алайда үй иесі бірнеше күн бойы үйінде болмады. Бүгін ол үйіне келген кезде қыздың әкесі камераға түсіп қалған видеоны көрді. Өкінішке қарай, ол жерде Әсемайдың көпірден секірген сәті видеоға түсіп қалған", - дейді ерікті.

Бұған дейін мәслихат депутаты Надежда Шильман Facebook-парақшасында Әсемай соңғы рет суретке түсіп, "Қош болыңдар" деп жазба қалдырғанын айтқан болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға