Атырауда есірткі өсіруге арналған фитозертхана анықталды
16.07.2025 22:08
Фото:
Polisia.kz
Атырауда полицейлер есірткі өсіруге арналған фитозертхананы анықтады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Polisia.kz мәліметінше, Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шарасы аясында есірткі затын өсірумен айналысқан 52 жастағы қала тұрғынын ұстады.
Күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тексеру кезінде фитозертхана ретінде жабдықталған сарайынан салмағы 5 келі болатын 21 түп қарасора өсімдігі табылып, тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды, - делінген мәліметте.
Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

