Жаңалықтар

Атырауда деструктивті діни ағым өкілі контрабандамен айналысқан

Атырауда деструктивті діни ағым өкілі контрабандамен айналысқан
Фото: polisia.kz 17.03.2023 19:51 966

Атырауда Ресейден автокөлік контрабандасымен айналысқан деструктивті діни ағым ұстанушысы ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тұрғылықты мекенжайын тінту барысында жалған автокөлік мемлекеттік белгілері, автокөлікті сатып алу-сату келісім шарттары, сенімхаттар, Ресей Федерациясында тіркелген автокөліктің төлқұжаты, азаматтық тұлғалардың жеке куәліктері, тауарға арналған декларация, Iphone 13 ұялы телефоны және түбіртектер алынған.

Аталған дерек бойынша ҚК-тің 385-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға