Видеодан кадр

Атырауда бөгеттерде қауіпсіздік күшейтілді

Атырауда тасқын аумақтарында жел көтерілуіне байланысты бөгеттерде қауіпсіздік күшейтілді, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

"Қазгидромет" РМК Атырау облысы бойынша филиалының мәліметінше, Махамбет, Индер аудандарында батыстан, солтүстік-батыстан қатты жел соғуда. Желдің көтерілу жылдамдығы секундына 6-11 метрге дейін жетеді деп күтілуде.

Сондай ақ, Атырау қаласында жел күшеюде. Желдің соғуы секундына 7-12 м жылдамдыққа дейін жетеді деп күтілуде.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты, Махамбет, Индер аудандары, Атырау қаласында бөгет бойындағы белгіленген учаскелерде кезекшілер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Еске сала кетелік, 8 маусым, 12:00 сағаттағы жағдай бойынша,
Жайық өзеніндегі су деңгейі Индер ауданында - 896 см (шекті деңгейі - 845 см), Махамбет ауданында 993 см (шекті деңгейі - 850 см), Атырау қаласында 592 см ( шекті деңгейі - 550 см) құрады.