Атырауда белгілі әнші Бейбіт Қорған ұсталды
29.09.2025 20:29
Фото:
instagram.com/beibitkorgan
Атырау әуежайында 44 жастағы әнші Бейбіт Қорған ұсталды. Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, өнер иесі қоғамдық тәртіпті бұзып, бейәдеп сөздер айтқан және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Белгілі болғандай, эстрада жұлдызы Алматыдан Атырауға ұшып келген.
Сот шешімі бойынша ол қоғамдық жерде мас күйінде жүргені, ұсақ бұзақылық жасағаны және полиция талабына бағынбағаны үшін кінәлі деп танылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 196 мың теңге көлемінде айыппұл салынған.
Осы ретте полицейлер заң - бәріне ортақ екенін тағы да еске салады.

