Жаңалықтар

Атырауда бассейнге батып кеткен қыздың өліміне қатысты тың дерек шықты

Атырауда бассейнге батып кеткен қыздың өліміне қатысты тың дерек шықты
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 16.07.2024 17:24 923

Атырауда бассейнге батып кеткен 10 жасар қыздың отбасы спорт кешенінің қызметкерлерін кешірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Орталық бассейн директорының орынбасары Ернұр Қойлиев үлкендердің қарауынсыз бассейнге кетіп қалған қыз кенеттен тақтайшаны жіберіп, есеңгіреп қалып, жақ сүйегі қатып қалғанын жеткізді.

Қайғылы оқиға кезінде бассейнде құтқарушылар болған, бірақ балалар ата-аналарымен келген кезде оларды аса бақыламайды.

Оның жақ сүйегі қатып қалғандықтан, алғашқы көмек көрсету қиын болды. Құтқарушылар қызды дереу фельдшерлік пунктке жеткізіп, жедел жәрдем шақырды, бірақ дәрігерлер қыздың қайтыс болғанын айтты, – деді бассейн директорының орынбасары.

Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, қыздың өкпесінде су табылмаған, оның өліміне жүрегінің тоқтап қалуы себеп болды.

Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға