Атырауда балық аулауға кетіп оралмаған 25 жастағы ер адам іздестіріліп жатыр
Мөлдір Қайнар тілші
30.01.2024 13:00
Фото:
© Pixabay.com
Атырауда балық аулауға кетіп оралмаған ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі azh.kz басылымына сілтеме жасап.
«Жұмыскер-1» ауылының 1998 жылғы тұрғыны хабарсыз кеткеніне алаңдаған туыстары 28 қаңтарда құтқарушыларға хабар берген.
Туыстары оның балық аулауға кеткенін айтып отыр.
Жедел құтқару жасағының құтқарушылары екі күннен бері Жайық өзенінде іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұған Төтенше жағдай департаментінің төрт құтқарушысы жұмылдырылған.

