Жаңалықтар

Атырауда балабақша тәрбиешісінен туберкулез анықталды

Атырауда балабақша тәрбиешісінен туберкулез анықталды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 08.01.2024 12:39 881

Атырауда балабақша тәрбиешісі туберкулезбен қайталап ауырған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мұндай жағдай балабақша балалардан флюорографиядан өтуін сұрағаннан кейін анықталған. Ата-аналар балабақша басшылығы бұл жағдайды жасыруға тырысқан деп отыр. Ал білім басқармасының өкілдері тәрбиешінің диагнозы тек 3 қаңтарда расталғанын хабарлады. Қазір балабақша карантинге жабылып, дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, науқасқа «Екі өкпенің инфильтративті туберкулезі, ыдырау сатысы» деген диагноз қойылған.

Науқас өкпе туберкулезімен 1992 жылы сырқаттанып, емделген. 1992 жылы оң жақ өкпесінің жоғарғы бөлігіне резекция операциясы жасалған. Емдеудің нәтижесінде сырқатынан сауығып шыққан, - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Тәрбиеші қазір ауруханада емделіп жатыр. Балабақша тәрбиешісінің туберкулезбен қайталап ауырғанына байланысты онымен жақын қарым-қатынаста болғандарды тексеру басталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға