Жаңалықтар

Атырауда қазақ тілінің жанашырлары марапатталды

Атырауда қазақ тілінің жанашырлары марапатталды
18.09.2019 17:38 2531

Атырауда қаласында Қазақстан халқы тілдерінің фестивалі өтті. 

Атырауда қазақ тілінің жанашырлары марапатталды

Тәуелсіз еліміздің рухани байлығын, этностар достығын, ел бірлігін айғақтайтын шараға мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге ат салысып жүрген тіл жанашырлары, әр түрлі этнос өкілдері, тіл саласында көптеген жыл қызмет еткен ардагерлер, әскерилер қатысты.

Атырауда қазақ тілінің жанашырлары марапатталды

Өңірде тіл саласын дамытуға қосқан үлестері үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ынтымақ» өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Амиров Акмал, Атырау облысы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенді мүшесі Богдан Шевченко, «Былина» орыс этномәдени бірлестігінің мүшесі Алексей Мелешкин және «Светоч» славян этномәдени бірлестігінің мүшесі Алена Инговатова Тілдерді дамыту басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Атырауда қазақ тілінің жанашырлары марапатталды

Сондай-ақ, мерекелік шарада «Тхоньиль» кәріс этномәдени бірлестігінің мүшесі Ольга Кван мен «Былина» орыс этномәдени бірлестігінің мүшесі Алексей Мелешкин «Туған жер» әнін шырқаса, «Светоч» славян этномәдени бірлестігінің мүшесі Юрий Стартцев «Даль великая» әнін орындап, татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің кішкентай бишілері өз өнерлерімен көпшілікті тәнті етті.

Атырауда қазақ тілінің жанашырлары марапатталды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға