Жаңалықтар

АТЫРАУДА «ҚАЗАҚТАНУ» ЖОБАСЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЛЕКТОРИЙ ӨТУДЕ

АТЫРАУДА «ҚАЗАҚТАНУ» ЖОБАСЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЛЕКТОРИЙ ӨТУДЕ
26.11.2018 12:19 1677

Атырауда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасының Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын ілгерілету бойынша республикалық лекторийі өз жұмысын бастады.  

Лекторий жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенко, Атырау облысы әкімінің орынбасары Нұрсауле Сайлауова, Қазақстан халқы Ассамблеясының, Аналар кеңесінің мүшелері, көрнекті қоғам қайраткерлері, ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңесі мен этномәдени бірлестіктердің мүшелері,   мемлекеттік органдар мен республикалық жастар бірлестіктерінің, жоғары оқу орындарының, қоғамдық келісім кеңестерінің өкілдері, қоғам қайраткерлері, жазушылар және БАҚ қатысуда.

Түстен кейін лекторий жұмысы Ғабдол Сланов атындағы облыстық әмбебап кітапханасындажалғасады.

Сонымен қатар Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің спорт кешенінде «Қазақтану» жобасының шеңберінде  «Ұлттық салт-дәстүрлер» театрландырылған қойылымы өтеді.

Ал 27 қарашада «Қазақтану» жобасы Махамбет және Жылыой аудандарының елді мекендерінде дәрістер циклы ретінде жалғасады деп жоспарлануда.

Анықтама үшін: «Қазақтану» жобасына ҚХА XXVI сессиясында бастама жасалған және қазақстандық этностардың мәдениеттерін өзара байытуы, қазақ халқының гуманистік дәстүрлері мен рухани құндылықтары негізінде қоғамдық сананы жаңғырту процесінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған.  

Жобаны іске асыру басталғаннан бері лекторийлер Ақмола (19-21 маусым), Қызылорда (12-14 қыркүйек) және Қостанай (11-13 қазан) облыстарында өтті. Лекторийдің ерекшелігі – оның шағын қалалар мен аудан орталықтарын қамтып, өңірде тұтастай өтетіндігінде.   

«Қазақстану» жобасының шеңберінде лекторийлер жалпы алғанда 5200 адамды қамти отырып, 17 елді мекенде өтті. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға