Жаңалықтар

Атырауда әйелін өлтірмек болған ер адам ұсталды

Атырауда әйелін өлтірмек болған ер адам ұсталды
Фото: видеодан алынған кадр 18.06.2024 09:20 329

Атырауда ер адам тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінде әйелге тап беріп, пышақпен шабуылдаған. Облыстық полиция департаменті күдіктінің қолға түскенін хабарлады, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Ер адам Ақтау қаласында ұсталды. 

Кешенді жедел-іздестіру шарасы нәтижесінде 9 маусым күні Атырау қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің кіреберісінде 1991 жылы туған әйелді өлтіруге оқталған 1995 жылғы күдікті Ақтау қаласынан анықталып, ұсталды, – делінген полиция хабарламасында.

Қазір күдіктіге қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жарияланған жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға