Атырауда 6 жастағы баланы КамАЗ қағып кетті
31.05.2023 00:19
Фото:
©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Атырауда КамАЗ көлігі велосипедпен келе жатқан 6 жасар баланы қағып кетті. Балақай оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, жол-көлік оқиғасы 30 мамырда жергілікті уақытпен сағат 19:20 шамасында орын алған.
Атырау қаласының Жұлдыз-2 шағынауданында КамАЗ жүк көлігі велосипедпен келе жатқан 6 жасар баланы қағып кеткені анықталды. Көлік қаққан бала оқиға орнында мерт болды. Аталған жол-көлік оқиғасына қатысты іс-құжаттар жинақталып жатыр, - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Полиция қызметкерлері жазғы демалыс кезеңі жақындағандықтан ата-аналарға балалар қауіпсіздігін қадағалауды ескертеді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

