Жаңалықтар

Атырауда 5 күн бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен қыз өлі табылды

Атырауда 5 күн бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен қыз өлі табылды
Фото: видеодан алынған кадр 23.10.2024 15:35 1435

Атырауда 18 қазанда сағат 22:00-де үйден шығып, қайта оралмаған 23 жастағы тұрғын өлі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Болжам бойынша, таныстарының бірі оны көлігіне мінгізіп алып кетіп өлтірген, ал мәйітті сыбайласымен бірге өзенге лақтырып жіберген.

Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 24 және 25 жастағы екі адам ұсталған, олар бірден екі бап - адам ұрлау және адам өлтіру бойынша күдікке ілінген. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Тәртіп сақшылары бірқатар тергеу әрекеттерін бастады

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға