Атырауда 45 жастағы әйел сегізінші қабаттан секіріп кетті
Атырау қаласында 45 жастағы әйел көппәтерлі тұрғын үйдің сегізінші қабатынан құлап кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға бүгін, 9 қаңтарда болған. Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл деректі растады.
Күндізгі сағат 11:00 шамасында 1979 жылғы әйел Атырау қаласындағы «Алмагүл» шағын ауданындағы көпқабатты үйдің бірінің 8-қабатынан құлаған. Қазір әйелдің өліміне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр, — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Аталған дерек бойынша кешенді тергеу амалдарын жүргізу басталды. Әйелдің тұрғын үйдің жоғарғы қабатынан құлауына не түрткі болғаны әзірге белгісіз. Оқиғаның себебі тергеу кезінде анықталады.