Жаңалықтар

Атырауда 40 жастағы ер адам сот залында тамырын кескен

Атырауда 40 жастағы ер адам сот залында тамырын кескен
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 02.06.2024 17:42 806

31 мамырда таңғы уақытта облыстық сот залында 40 жастағы ер адам Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы (Алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйдегі көлік құралын басқару) бойынша сот шешімін естіген соң қағаз кесетін пышақпен тамырын кескен, деп хабарлайды «Ақ жайық» басылымына сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі. 

Белгілі болғандай, қала тұрғынының 36 жастағы әйелі ажырасу барысында күйеуінің үстінен арыз берген. Ол Қылмыстық кодекстің 389-бабымен (Өзінше билік ету) сотталды. Әдетте бұл бап бойынша сотталғандар айыппұл төлеумен, түзеу жұмыстарын атқарумен немесе қамауға алумен жазаланады.

Сот залында ер адам шаршағанын айтып, өз-өзіне қол салғысы келген.

Мен шаршадым, қайта-қайта қамап жатыр. Менің шыққаныма бір жарым ай болды. Әділетсіздік жоқ, мен өзімді өлтіремін, – деді ол.

Қала тұрғыны облыстық ауруханаға жеткізіліп, оған медициналық көмек көрсетілген. Кейін ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға